♦Намаз — Алла Тағала разы болатын құлшылық. ♦Намаз — Періштелердің жақсы көретін амалы. ♦Намаз — Пайғамбарлардың (саллаллаһу әлейһи уәс сәлләм) сүннеті. ♦Намаз — иманның асылы. ♦Намаз — дұғаның қабыл болуына себепкер. ♦Намаз- барлық игі істердің қабыл болуына себепкер. ♦Намаз — ризық- несібенің берекесі. ♦Намаз — бастаған игі іс әрекетіңіздің берекесі. ♦Намаз дұшпандардан қорған болады. ♦Намаз — Шайтан лағнеттің ең жек көретін амалы. ♦Намаз өлім періштесі келген сәтте өз иесіне шапағат етеді. ♦Намаз қабірді нұрландырады. ♦Намаз қабірде жамбасыңа мамық төсеніш болады. ♦Намаз — қабірде Мүнкір, Нәкір сұрақ қойғанда жауап берер көмекші. ♦Намаз қияметке дейін тар қабірді кеңейтеді. ♦Намаз қиямет күні төбеңізден көлеңке болады. ♦Намаз қиямет күні басыңызға тәж болып киіледі. ♦Намаз қиямет күні үстіңізге киім болып жабылады. ♦Намаз қиямет күні алдыңызда нұр болып жол көрсетеді. ♦Намаз — тозақ отынан қалқан. ♦️Намаз — мұсылмандар үшін құжат. ♦️Намаз — таразыда ең ауыр болатын амал. ♦️Намаз қылкөпірден, найзағай жарқылындай өткізеді. ♦️Намаз — кешірім нұры. ♦️Намаз — жаннаттың кілті.

Теги других блогов: намаз сүннет мұсылмандар